Бүгінгі матчтағы 12-ойыншы — жанкүйерлер
Бүгін «Астана-Арена» алаңындағы ойыннан бөлек, трибунадағы қолдау да шешуші рөл атқарады.
Стадион лық толы, атмосфераны да сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Алғашқы минуттардан бастап жанкүйерлер әрбір пасқа, әрбір қозғалысқа дем беріп, «Қайрат» командасын алға жетелеуге тырысп жатыр.
Бұл жанкүйерлер үшін жай ғана матч емес.
Бұл — УЕФА Чемпиондар лигасы, яғни әлемдегі ең беделді клубтық додаға қатысу.
Бүгін стадион мен команда бірге! Еуропалық аренадағы жеңіске деген сеніммен бірігіп отыр.
Қайрат, алға!



