Геннадий Головкин World Boxing ұйымының президенті болды
Қазақстандық танымал боксшы Геннадий Головкин Халықаралық World Boxing федерациясының президенті болып ресми сайланды.
Оның кандидатурасы жалғыз болды және тәуелсіз халықаралық тексерістен сәтті өтті.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атақты боксшыны сайлаудағы жеңісімен құттықтап, бұл шешім оның спорттағы елеулі еңбегін мойындау әрі Қазақстан үшін тарихи жетістік екенін атап өтті.

