15 наурыз – референдум: есептен шығару куәлігін қалай алуға болады?
15 наурызда өтетін республикалық референдумда әр азаматтың дауысы маңызды.
Егер тұрғылықты жеріңіз өзгеріп, басқа учаскеде дауыс беруді жоспарласаңыз, есептен шығару куәлігін алдын ала рәсімдей аласыз.
Есептен шығару куәлігі 27 ақпаннан бастап беріледі. Құжат беру 14 наурыз күні сағат 18.00-де тоқтатылады.
Дауыс беру тәртібі:
Азамат дауыс беру кезінде есептен шығару куәлігін және жеке басын куәландыратын құжатты ұсынады. Құжаттың электрондық нұсқасын көрсетуге болады.
Учаскелік референдум комиссиясы азаматты дауыс беруге құқығы бар азаматтар тізіміне енгізіп, бюллетень береді.
Есептен шығару куәлігі бір рет қана пайдаланылады және дауыс берген учаскеде қалады.
Маңызды ақпарат:
Жоғалған есептен шығару куәлігі қалпына келтірілмейді.
Бір елді мекеннің ішінде басқа учаскеде дауыс беру үшін есептен шығару куәлігі берілмейді.

