Kundelik-тен BilimClass-қа көшу: министрлік оқушылар деректерінің таралу себебін түсіндірді
Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің вице-министрі Дмитрий Мун мектеп оқушылары деректерінің таралуына қатысты тергеу аяқталғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, кибершабуыл немесе жүйені бұзу фактісі тіркелмеген, мәселе адам факторына байланысты болған.
– Деректер 2020 жылғы өзекті ақпарат болған және ол сол кезеңге дейін қолжетімділігі бар пайдаланушылар арқылы алынған, – деді Дмитрий Мун.
Министрлік мәліметінше, Kundelik платформасының әзірлеушісі Ақпараттық қауіпсіздік комитеті тарапынан айыппұл төлеген.
Сонымен қатар ведомство жаппай дерек тарату жағдайлары үшін жауапкершілікті күшейтуді жоспарлап отыр.
Мәжіліс депутаты Екатерина Смышляева ақпаратты орталықтандырылған түрде сақтау мемлекет құзырында қалуы тиіс екенін айта отырып, IT-жүйелер арасындағы бәсекені дамыту маңызды екенін атап өтті.
– Монополия болмауы керек, мемлекеттік те емес, жеке де емес. Бәсеке болған жерде сапа пайда болады, – деді депутат.

