Басты
15:01
Саясат
Тегтер: Жаңа Конституция Құрылтай

Парламент өкілеттігі 2026 жылғы 1 шілдеден бастап тоқтайды

Жаңа Конституция жобасына сәйкес, егер құжат 15 наурызда өтетін республикалық референдумда қабылданса, ол 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді.

Жобаға сай, 1995 жылғы 30 тамыздағы Конституция негізінде құрылған қазіргі Парламенттің өкілеттігі 2026 жылғы 1 шілдеден бастап тоқтатылады.

Құрылтай сайлауы Конституция күшіне енген күннен бастап бір ай ішінде жарияланып, екі ай ішінде өткізілуі тиіс.

Сондай-ақ бірінші шақырылымдағы Құрылтайдың алғашқы сессиясы ашылған күннен бастап екі ай ішінде:
– Президент Құрылтай келісімімен вице-президентті тағайындауы керек;
– Конституциялық соттың төрағасы мен судьялары бекітіледі;
– Орталық сайлау комиссиясы мен Жоғары аудиторлық палатаның төрағалары мен мүшелері тағайындалады.

Ал Конституция күшіне енген күннен бастап екі ай ішінде:
– Жоғарғы сот төрағасы;
– Ұлттық банк төрағасы;
– Бас прокурор;
– ҰҚК төрағасы;
– Жоғары сот кеңесінің төрағасы;
– Адам құқықтары жөніндегі уәкіл тағайындалуы тиіс.

Жоба авторлары жаңа Конституция қабылданған жағдайда билік құрылымын жаңаша қалыптастырудың нақты мерзімдерін осылай айқындап отыр.