NAZARNEWS.KZ САЙТЫНЫҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ

Осы ережелер Nazarnews.kz сайтының меншік иесі мен пайдаланушысы арасындағы қатынастарды, сондай-ақ Nazarnews.kz-ке тиесілі материалдарды пайдалану тәртібін реттеу мақсатында әзірленген.

1. Негізгі ұғымдар

1.1. Nazarnews.kz сайтының меншік иесі (бұдан әрі – Меншік иесі) – Nazarnews.kz сайты мен Nazarda әлеуметтік желілеріне толық иелік ету, пайдалану және билік ету құқығына ие « ___» ЖШС.

1.2. Nazarnews.kz сайтының пайдаланушысы (бұдан әрі – Пайдаланушы) – Nazarnews.kz сайтында жарияланған ақпараттық материалдармен жеке мақсатта танысу үшін пайдаланатын тұлға.

1.3. Nazarnews.kz сайтының материалдары (бұдан әрі – Материалдар) – Nazarnews.kz сайтында және Nazarda әлеуметтік желілерінде жарияланған мәтіндік, аудио, фото және бейнематериалдар.

1.4. Өз материалдары – Nazarnews.kz сайтының редакциясы әзірлеп, сайтта және әлеуметтік желілерде жариялаған мәтіндік, аудио, фото және бейнематериалдар.

1.5. Сыртқы материалдар – үшінші тарап әзірлеген мәтіндік, аудио, фото және бейнематериалдар, олар ҚР заңнамасына сәйкес Nazarnews.kz сайтында және Nazarda әлеуметтік желілерінде орналастырылады.


2. Жалпы ережелер

2.1. Осы ережелер Nazarnews.kz сайтының барлық пайдаланушыларына қолданылады. Пайдаланушы Nazarnews.kz сайтына алғаш рет кірген сәттен бастап осы ережелерді толық көлемде қабылдаған болып есептеледі. Егер Пайдаланушы ережелермен келіспесе, сайттан дереу шығуы тиіс.

2.2. Nazarnews.kz сайты мен онда жарияланған материалдарды пайдалану тәртібін Меншік иесі белгілейді. Меншік иесі осы ережелерге кез келген уақытта, Пайдаланушыға алдын ала хабарламай-ақ, өзгерістер енгізу құқығын өзінде қалдырады.

2.3. Пайдаланушы Nazarnews.kz сайтына алғаш рет кірген сәттен бастап осы ережелермен танысқан және оларды қабылдаған болып есептеледі. Ережелерді білмеу оларды орындамауға сылтау бола алмайды.

2.4. Nazarnews.kz сайтының өз материалдарына ерекше құқықтар Меншік иесіне тиесілі. Өз материалдарын пайдалану осы ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.

2.5. Пайдаланушы Nazarnews.kz сайтына алғаш рет кірген сәттен бастап өзінің жеке деректерін жинауға және өңдеуге келісім береді. Меншік иесі деректердің құпиялығын сақтауға және үшінші тұлғаларға бермеуге міндеттенеді.


3. Материалдарды пайдалану шарттары

3.1. Nazarnews.kz-ке тиесілі мәтіндік материалдарды толық немесе ішінара пайдалану тек мына шартпен рұқсат етіледі: материалдың бірінші немесе екінші абзацында дереккөз ретінде Nazarnews.kz ресурсына ашық сілтеме орналастырылуы тиіс (интернеттегі қайта жариялау кезінде – іздеу жүйелері үшін ашық, белсенді гиперсілтеме болуы міндетті).

3.2. Nazarnews.kz-ке тиесілі (© белгісі мен «Nazarnews.kz» сөзімен белгіленген) немесе үшінші тарапқа тиесілі фото, бейне, аудио және басқа материалдарды (мәтіннен басқа) пайдалануға тыйым салынады.

3.3. Сайтта үшінші тарап интернет-ресурстарына сілтемелер орналастырылуы мүмкін. Мұндай сілтемелер бойынша өткен жағдайда барлық тәуекелді Пайдаланушы өз мойнына алады. Пайдаланушы Nazarnews.kz меншік иесі сыртқы ресурстардың қолжетімділігіне, мазмұнына және салдарларына жауап бермейтінін қабылдайды.

3.4. Nazarnews.kz сайтында орналастырылған сыртқы материалдарды Пайдаланушы үшінші тарап ережелерін сақтамай көшіруге және жариялауға құқылы емес. Nazarnews.kz меншік иесі мұндай материалдардағы ақпараттың шынайылығына немесе олардан туындайтын құқықбұзушылықтарға жауап бермейді.


4. Жауапкершілік

4.1. Пайдаланушы Nazarnews.kz сайтындағы материалдарды, соның ішінде сыртқы материалдарды заңсыз пайдаланғаны үшін жауап береді.

4.2. Сайт меншік иесі үшінші тұлғалардың әрекеттері нәтижесінде Пайдаланушыға келтірілген залал үшін жауап бермейді.

4.3. Егер Пайдаланушының заңсыз әрекеттері нәтижесінде үшінші тұлғалар тарапынан Назарnews.kz меншік иесіне талаптар қойылса, Пайдаланушы бұл бұзушылықтар үшін толық көлемде жауап береді және келтірілген залалды дербес өтейді.