Басты

Ұзақ демалыс күндері не көруге болады: Яндекс Плюс ұсынған топтама

Яндекс Плюс ұсынған топтама

Ұзақ демалыс пен каникул – сүйікті сериалыңызды қосып, көптен бері аяқтай алмай жүрген кітабыңызды оқуға және жаңа плейлист жасауға тамаша мүмкіндік. Біз осы күздің көңіл-күйін сыйлайтын жаңа премьералар, әсерлі оқиғалар мен шабыт беретін тректерді іріктедік.

Демалғыңыз келген кезде

Кинопоискте қолжетімді жаңа қазақстандық сериалдар мен танымал премьералар – демалыс күндері жылы көрпе астында жатып алып, көруге тамаша таңдау.

«Ұшқын» – құтқарушылар жайлы сериал. Олардың өмірінде оңай шешім болмайды. Басты кейіпкер ата-анасының өліміне кінәлі адаммен бетпе-бет келіп, кек алу мен өмірін құтқару арасындағы таңдаудың алдында қалады.

«Тор» – қазақстандық сериал. Терроризмге қарсы бөлімнің бұрынғы офицері өз ұлының теракт дайындағаны үшін ұсталғанын біліп, шындықты анықтау үшін жеке тергеу жүргізеді.

«Клюквенный щербет» – түрік хитының төртінші маусымы. Мұнда кек, опасыздық пен жаңа махаббат бір-бірімен астасып өрбиді.

«Әке» – кінә, кешірім және отбасын қайта табу туралы драма. Талғат түрмеден шыққан соң үйіне оралады, бірақ балалары оны өткен өмірі үшін кешіруге дайын емес. Фильм жақында Кинопоиск платформасында қолжетімді болады.

«Менің Фаризам» – көрнекті ақын Фариза Оңғарсынованың өмірі мен шығармашылық жолы туралы әсерлі хикая. Премьерасы 2025 жылдың 16 қарашасында күтілуде.

Каникулда балалармен бірге не көруге болады?

Бұл топтамада – балалар мен ересектердің көңілін көтеретін жаңа, мейірімді премьералар мен мультфильмдер.

«Маша и Медведь» – жаңа маусымда Машада машинка пайда болады. Енді ол бұрынғыдан да көңілді, әрі айналасындағыларға қуаныш (және аздап ретсіздік) сыйлауды жалғастырады.

«Барсукот 2. Очень зверский детектив» – жұмсақ жүнді серіктер қайта оралады! Бұл жолы олар аңдар өнерінің көрмесіндегі ұрлықты тергейді.

«Малышарики идут в детский сад» – бұлттарда су қайдан пайда болады, ал кітаптар қайда «тұрады»? Сүйікті кейіпкерлер ең маңызды сұрақтарға жауап іздейді.

«Мой папа – медведь» – қыз әкесін құтқаруға тырысады: ол кездейсоқ аюға айналып кеткен. Бұл – отбасы, шытырман оқиға және сүйіспеншіліктің күші туралы жылы комедия.

«Магия четырех стихий» – от, су, жер мен ауаның жас сақшылары сиқырлы орманды қорғайды. Әлемдік бестселлер желісімен түсірілген отбасылық фэнтези.

Қарашаның киножаңалықтары

Қарашада Кинопоиск платформасында бірден бірнеше көптен күткен премьера көрсетіледі.

«Тазы» – режиссер Қана Бейсекеевтің деректі фильмі. Бұл туынды – адамның ерекше қазақ аңшылық өнеріне деген құштарлығы туралы хикая. Кейіпкер тағдыры арқылы режиссер дәстүрге құрмет пен мінездің беріктігін, өз ұстанымына адалдықты көрсетеді.

Қарашаның көп күтілген премьераларының бірі – фантастика элементтері бар драма «Qaitadan». Басты кейіпкер, жасөспірім Рауан ауылға әжесіне келгенде уақыт ілмегіне тап болады: әр күннің соңы – бөгеттің жарылуы мен ауыл тұрғындарының қаза табуымен аяқталады. Ол енді бұл қайталанатын апаттан құтылудың және ауылды аман сақтаудың жолын табуы тиіс.

«Коба» – сүйіктісінің өлімінен кейін өмірі күйреген құпия бөлім қызметкері туралы криминалдық сериал. Коба кінәлілерді іздеу барысында қауіпті қылмыстық желінің ізіне түседі. Сериалды Кинопоиск платформасында 20 қарашадан бастап эксклюзивті түрде көруге болады.

Ал «Жас емес жұбайлар» комедиясында зейнеткер Сабыржанның өмірге деген құлшынысы қайта оянып, кездейсоқ жолыққан сыныптасы оған жаңа үміт пен махаббат сыйлайды.

Қазақстандықтар Кинопоиск платформасында не көрді: қазан айының ТОП-5 фильмі

«Биік сезім» – қабылдау мен стереотиптер туралы жеңіл романтикалық комедия. Оқиға бойы қысқа ер адамның волейболшы қызға ғашық болуынан басталады.

«Под контролем» – екі полиция қызметкері туралы тапқырлыққа толы әрі күлкілі криминалдық комедия. Кездейсоқтықтың кесірінен олар маңызды арнайы операцияның ортасында қалады. Бұл – Кинопоисктегі жаңа сериал, толықтай Қазақстанда түсірілген. Айтпақшы, сериал актерлері Еркена Губашева, Мира Добрынина және Светлана Тарасова өз сүйікті кітаптарын Яндекс Книги сервисінде ұсынды.

«Қолыңнан келсе, алып қаш» – Қазақстандағы ең табысты комедиялардың бірі енді Кинопоискте. Батыл қыз Самал өзіне тағдыр қосқан серігі деп ойлаған жігітті алып қашады, бірақ бәрі ол ойлағандай болмайды.

«Патруль. Последний приказ» – әйгілі «Патруль» сериалының жалғасы. Бұл жолы көрермендер тағы да провинциялық полицейлердің өміріне куә болады.

«Камбэк» – мектеп оқушылары қаңғыбас ер адамға өткенін еске түсіруге көмектеседі. Өзін іздеу туралы драмада Александр Петров ойнайды, ал саундтректе 2000-жылдардың хиттері қолданылады. Сериал Кинопоиск платформасында рекорд орнатып, 10 күнде 2 миллионнан астам көрермен жинады.