Азық-түлікке қанша ақша кетеді?
Біз қазақстандықтармен көшеде сұхбаттасып, олардың айына азық-түлікке қанша қаражат жұмсайтынын білдік. Тұрғындар өз шығындары, кейбір өнімдердің қымбаттауы және олардың қазіргі бағасы туралы ойларымен бөлісті.
Көпшілік тамаққа ақша жетпейтінін, сондай-ақ бағаның үнемі өсіп жатқанын айтты.

