Қазақстандықтар мамыр айында қанша күн демалады?
2026 жылғы мамыр айында қазақстандықтардың демалыс күндері жұмыс кестесіне байланысты әртүрлі болады.
Күнтізбелік есепке сәйкес, бес күндік және алты күндік жұмыс аптасымен еңбек ететін азаматтардың демалыс күндерінің саны өзгеше.
Бес күндік жұмыс кестесі бойынша еңбек ететіндер үшін мамыр айында төрт мерекеге байланысты қосымша демалыс беріледі. Атап айтқанда, 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні, 7 мамыр – Отан қорғаушы күні, 9 мамыр – Жеңіс күні. Биыл 9 мамыр сенбі күніне түскендіктен, демалыс 11 мамыр дүйсенбіге ауыстырылады. Сонымен қатар 27 мамыр – Құрбан айттың бірінші күні де демалыс ретінде белгіленген.
Осылайша, аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар мамыр айында жалпы 14 күн демалады.
Ал алты күндік жұмыс аптасындағылар үшін демалыс тәртібі өзгеше. 1 мамыр – демалыс күні болса, 2 мамыр – жұмыс күні, 3 мамыр – демалыс болып есептеледі. 7 мамыр – демалыс, 9 және 10 мамыр – демалыс күндері, ал 11 мамыр – жұмыс күні ретінде қалады. Сондай-ақ 27 мамыр – Құрбан айттың бірінші күніне байланысты демалыс беріледі.
Осыған сәйкес, алты күндік жұмыс кестесімен еңбек ететіндер мамыр айында 9 күн демалады.

