Басты
17:00
Спорт
Тегтер: Олимпиада

Қазақстандық жанкүйерлер Олимпиаданы Кинопоисктен көре алады

Мужчина смотрит олимпийские игры на телевизоре

Қысқы Олимпиада ойындары қазақстандық жанкүйерлерге бұрынғыдан да жақын болмақ. Жарыстарды Кинопоиск платформасынан тамашалауға болады.

Онлайн-кинотеатр көрермендері Олимпиаданың ашылу және жабылу салтанаттарын, қазақстандық спортшылар қатысатын барлық жарысты, сондай-ақ хоккей, мәнерлеп сырғанау, шаңғы жарысы, шорт-трек, конькимен жүгіру секілді ең қызықты бәсекелерді тікелей эфирде көре алады.

Алдағы XXV Қысқы Олимпиада барысында Қазақстан атынан 10 спорт түрі бойынша 36 атлет өнер көрсетеді. Жалпы ойындарда 16 спорт түрінен 116 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

Олимпиада трансляциялары Кинопоисктің Қазақстанда белсенді дамып келе жатқан спорт бағытының бір бөлігіне айналады. 2024 жылдың тамыз айынан бастап платформада «Спорт» бөлімі іске қосылып, Яндекс Плюс жазылымы арқылы футбол, хоккей, жекпе-жек, автоспорт, баскетбол, теннис және басқа да спорт түрлерінен ірі жарыстардың тікелей көрсетілімдері қолжетімді болды.

Көрермендер Premier League мен La Liga матчтарын, NHL ойындарын, UFC турнирлерін және өзге де халықаралық жарыстарды тамашалай алады.

Кинопоиск ұлттық турнирлерге де айрықша көңіл бөледі. «Кинопоиск — тур матчы» форматы Қазақстан Премьер-лигасының аптадағы орталық ойынын жеке оқиғаға айналдырып, жанкүйерлерді сүйікті командасының айналасына топтастырады. 2025-2026 маусымында көрермендер «Қайрат» клубының ел чемпионатындағы және Чемпиондар лигасындағы еуропалық алпауыттарға қарсы ойындарын белсенді тамашалаған.

Айта кетейік, Кинопоиск Яндекс Плюс жазылымына кіреді. Бұл жазылым спорттық трансляциялардан бөлек фильмдерге, сериалдарға, кітаптарға, музыкаға, сондай-ақ Қазақстандағы Яндекс сервистері мен серіктестерінің арнайы ұсыныстарына қол жеткізуге мүмкіндік береді.