Кек пен парыздың құны: «КОБА» атты жаңа қылмыстық драма Кинопоиск платформасында эксклюзивті түрде
Бүгін Кинопоискте «ҚОБА» қазақстандық телехикаясының тұсаукесері. Бұл — заң мен күш, парыз бен жеке сенімнің түйіскен тұсында өмір сүретін адамдар туралы қылмыстық драма.
Басты кейіпкер — Коба, құпия ведомствоаралық бөлімнің қызметкері. Сүйіктісінің жұмбақ жағдайда қаза табуынан кейін ол қылмыстық желінің ізіне түседі. Енді оның әр қадамы — азап пен борыш, кек пен өзі өкілі болып табылатын жүйе арасындағы таңдау.
Жобаның режиссері — Нұржан Еркінұлы. Сериалда қазақстандық кинематографияның танымал және жаңа есімдері бой көрсетеді: Әзиз Бейшеналиев, Нұржан Садыбеков, Қайрат Әділгерей, Бахтияр Қожа, Рамазан Әмірғалиев, Назар Шархан, Асан Мәжит және басқалар.
Авторлардың айтуынша, бұл туынды — қылмыс жайлы емес, шындық пен әділдіктің бағасы туралы хикая.
«Идея өмірдің өзінен туды. Көп жағдайда шындық көлеңкеде қалып қояды. “КОБА” — елдің тыныштығы үшін беймәлім ортада қызмет ететін жандардың оқиғасы. “Жабық бөлімде” жарық пен түнек жоқ, тек қабылданған шешім мен оның құны ғана бар», — дейді жобаның продюсері Нұртілеу Амангелді.

Оның айтуынша, бұл жоба өзі үшін де ерекше мәнге ие, бұл кенже бауыры мен әкесінен айырылған ауыр кезеңді қайта ой елегінен өткізуге, қиын сәттерде адамға қуат беретін нәрсенің не екенін түсінуге мүмкіндік берген.
«КОБА» атауының өзіне тән символикасы бар. Әр әрпі төрт кейіпкердің есімінен құралған: Коба (Қобыланды Болат), Олжас (Жалғас Жанғазин), Батыр (Базыл Сұлтанғазы) және Абылай (Абылай Сәлімханов).
Олар жай әріптес емес, ортақ құндылықтар мен адалдыққа сүйенген жүйе. Бірақ әрқайсысының өз жарасы бар.
Алғашқы түсірілім күні символдық жағдай орын алған: дәстүр бойынша команда «сәттілік үшін» тәрелке сындырған сәтте ол түгелге жуық сынғанымен, «КОБА» деген жазуы ғана бүтін қалған. Шығармашылық топ бұл жайтты жақсы нышан деп қабылдаған.
Актерлер кәсіби каскадерлер жетекшілігімен арнайы дайындықтан өткен, сондықтан сериалдағы экшн көріністер барынша шынайы әрі динамикалы шыққан.
Сериалдың атмосферасы нуар стилінде жасалған, жарық пен көлеңкенің контрасты, ширыққан диалогтар, ішкі күйзеліс пен моральдық шекарадағы кейіпкерлер. Түсірілім Астанада өтті. Режиссердің айтуынша, қала — бұл оқиғаның толыққанды кейіпкері.

«Астана — өзіндік мінезі бар қала. Салқын геометриясы мен ерекше жарығы біздің кейіпкерлердің күйін де, шешімін де айқындайды. Біз қаланың табиғи әсерін шынайы жеткізгіміз келді», — дейді Нұржан Еркінұлы.
Визуалды стиль мен түстік шешімге Голливудта 30 жылдық тәжірибесі бар маман Джефф Ольм жауап берген. Ол Disney, DreamWorks, Sony Pictures, Warner Bros. студияларымен жұмыс істеген, сондай-ақ «Titanic», «The Fifth Element», «Avengers», «Spider-Man», «Harry Potter and the Sorcerer’s Stone» сияқты жобаларға қатысқан.

Сериал халықаралық фестивальдерде (Oniros Film Awards New York, Stockholm City Film Festival, Rome Prisma Film Awards) «Best Web Series» марапаттарын иеленіп үлгерген.
«Біздің Кинопоиск платформасындағы көрсетілім — жай ғана премьера емес, тәуелсіз қазақстандық жобаның ТМД-ның ең ірі стриминг сервистерінің біріне шығуының дәлелі», — дейді продюсер Нұртілеу Амангелді.
«ҚОБА» телехикаясының алғашқы төрт бөлімі эксклюзивті түрде тек Кинопоискте көруге қолжетімді.
Сервис Яндекс Плюс жазылымына кіреді, ол арқылы көрермендер фильмдер мен сериалдарды, спорт трансляцияларын, кітаптар мен музыканы тамашалап, сондай-ақ Яндекстің Қазақстандағы және серіктес сервистеріндегі арнайы ұсыныстарға қол жеткізе алады.

