Бауыржан Байбек қызметке қайта оралды — Nazarda
Басты
10:20
Саясат

Бауыржан Байбек қызметке қайта оралды

Бауыржан Байбек
Фото дереккөзі: Sputnik Казахстан

Алматының бұрынғы әкімі Бауыржан Байбектің жаңа қызметі белгілі болды. Қазіргі таңда ол Qazaq Kaolin тау-кен байыту комбинаты директорлар кеңесінің төрағасы қызметін ресми түрде атқарады.

Еске салайық, 2022 жылдың ақпанында Байбек «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары қызметінен өз еркімен кеткен болатын. Осыдан кейін бұрынғы шенеунік Біріккен Араб Әмірліктеріне барып, екі жылдан астам уақыт білім алған. Сонымен қатар осы кезеңде Қазақстандағы түрлі жобаларға шетелдік инвестиция тартумен де айналысқаны айтылды.

Кейін оның Жапонияға қоныс аударғаны белгілі болды. Айгүл Байбектің айтуынша, ол жапон капиталы мен технологияларын тарта отырып, оларды Қазақстанда енгізуге бағытталған инновациялық жобаларды дамытумен айналысқан.

Qazaq Kaolin компаниясының ресми сайтындағы мәліметке сәйкес, Байбек компания іске қосылардан бірнеше ай бұрын кеңесші қызметінен директорлар кеңесінің төрағасы лауазымына тағайындалған.