Роман Скляр Президент Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды
Мемлекет басшысының Жарлығымен Роман Скляр ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды. Ол бұған дейін атқарған Премьер-Министрдің бірінші орынбасары қызметінен босатылды.
Роман Скляр еңбек жолын 1989 жылы «Екібастұзкөмір автоматикасы» тресінде слесарь-монтаждаушы болып бастаған. Әр жылдары Павлодар қаласындағы кәсіпорындарда, кейін өңірлік әкімдіктерде қызмет атқарған.
2006 жылдан бастап мемлекеттік қызметте түрлі лауазымдарды иеленіп, Астана қаласы әкімдігінде, Павлодар облысы әкімінің орынбасары қызметінде жұмыс істеді. Сонымен қатар көлік және коммуникациялар вице-министрі, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясында вице-президент болды.
2016 жылдан бастап Ұлттық экономика вице-министрі қызметін атқарды. 2019 жылы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі болып тағайындалды.
Сол жылдың қыркүйегінде Премьер-Министрдің орынбасары қызметіне келіп, 2022 жылдан бері Үкімет басшысының бірінші орынбасары болды.

