Халық өздері сайлаған депутаттарды тани ма?
Сенатты айтпай-ақ қоялық, Мәжілістің өзінде 100-ге тарта халық қалаулысы отыр.
Назарда тілшісі сұрау салған 15 шақты тұрғынның біліп-танитын депуттарының саны 5-еуге әзер толды.
Бақытжан Базарбекұлы, Мақсат Толықбай, Дәулет Мұқаев, Ринат Зайытов, Ерлан Сайыров…
Қалған 90-нан астам депутатты, өкінішке қарай көпшілік біле бермейді.

