Кинопоиск спорт саласындағы «Жылдың бренді» атанды
Altyn Adam Sport Marketing 2025 жүлдесінің қазылар алқасы спорт индустриясындағы үздіктерді анықтады. Жеңімпаздардың қатарында – алғаш рет «Жылдың бренді» атағын иеленген Кинопоиск бар.
Бұл марапат не үшін берілді? Онлайн-кинотеатр спорттық медиаиндустрияның дамуына қосқан үлесі үшін жоғары бағаланды.
Өткен жылы платформадан алғаш рет «Спорт» бөлімі іске қосылды. Қазір жанкүйерлер әлемдік деңгейдегі ондаған оқиғаны тамашалай алады: Чемпиондар лигасы, АПЛ, Ла Лига матчтары, Формула-1, UFC, теннис турнирлері және тағы басқа.
Айта кетерлігі, қазақстандық көрермендерге, әсіресе футбол жанкүйерлеріне айрықша назар аударылған. Олар үшін арнайы «Тур матчы» жобасы пайда болды, мұнда Қазақстан чемпионатының басты ойындары жеке бір оқиғаға айналады. Бұл жерде концерттік бағдарламалар мен түрлі белсенділіктер ұсынылып, футболды енді ғана қадағалап жүргендерге де қызықты болып, спорттың қыр-сырына бойлауға мүмкіндік береді.
Кинопоиск Яндекс Плюс жазылымына кіреді. Сондықтан спортпен бірге қолданушылар үздік фильмдерге, сериалдар мен музыкаға қол жеткізе алады.
Өзіңізге ұнайтын спорт түрін таңдап, Кинопоисктегі трансляцияларды тамашалаңыз!

